Халықаралық гинеколог күні құтты болсын!
Гинеколог мамандарды бүгінгі кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Гинекология бөлімінің меңгерушісі Бексултанова Алма Кашиноровна бастаған мамандар тобына әйел денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі, жоғары кәсібилігі, жанашырлығы мен жауапкершілігі үшін зор алғыс білдіреміз.
Сіздер күн сайын талай жанға үміт сыйлап, ана денсаулығын қорғауға өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Еңбегіңіз әрдайым абыройға бөленіп, мерейіңіз үстем болсын!
Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, толайым табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!
Ізгі ниетпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы
