ДДСҰ «Салауатты жұмыс орны» жобасы Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында

ДДСҰ «Салауатты жұмыс орны» жобасы Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты ШЖҚ «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» КМК Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты жұмыс орны» жобасына қатысып келеді. Жобаның басты мақсаты – қызметкерлердің денсаулығын сақтауға, еңбек етуге қауіпсіз әрі жайлы орта орнықтыруға және салауатты өмір салтын дәріптеуге жағдай жасау.

ДДСҰ «Салауатты жұмыс орны» жобасы Қазақстанда 2002 жылдан бері қолға алынған. Оның аясында еңбек жағдайын жақсарту, аурудың алдын алу, қызметкерлердің өмір сапасын көтеру және қоғам денсаулығын нығайту көзделген.

Ауруханада қызметкерлердің денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігіне айрықша мән беріледі. Еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда болады. Қызметкерлер алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден уақтылы өтеді.

Жұмыстың маңызды бағытының бірі – созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алу. Осы мақсатта дұрыс тамақтану, қимыл-қозғалысты көбейту, жүрек-қан тамыры ауруларының, қант диабетінің, онкологиялық дерттердің алдын алу, темекіден бас тарту және денсаулыққа қауіп төндіретін өзге де факторлар жөнінде тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізіледі.

Ауруханада өзара сыйластық пен қолдауға негізделген ұжымдық орта қалыптасқан. Медицина қызметкерлерінің кәсіби қажуының алдын алу мен жайлы жұмыс ахуалын сақтау да басты назарда.

Медициналық ұйым аумағында темекісіз орта қағидаты сақталады. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына және әр қызметкердің өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ерекше көңіл бөлінеді.

«Салауатты жұмыс орны» жобасы қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға, кәсіптік қауіп-қатерді азайтуға, еңбек өнімдігін арттыруға және халықаралық талаптарға сай қауіпсіз еңбек ортасын орнықтыруға ықпал етеді.