Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында маусымның 28-і мен шілденің 4-і аралығында дәрігерлерді аттестациялау өтті.

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында маусымның 28-і мен шілденің 4-і аралығында дәрігерлерді аттестациялау өтті.

Біліктілік емтиханы маманның кәсіби қызметі туралы есептің сараптамалық бағасын, емтихан билетіндегі сұрақтарға жауапты және әңгімелесуді қамтыды. Аттестаттау барысында тиісті мамандықтар мен лауазымдар бойынша кәсіби міндеттерді орындауға қажетті теориялық білім мен тәжірибелік дағдылар бағаланды.

Барлығы 74 дәрігер өз біліктілігін растады. Оның ішінде 10 терапевт, 10 невропатолог, 12 хирург, 17 травматолог, 8 нейрохирург, 10 гинеколог, 7 уролог бар.

Дәрігерлерді аттестациялаудың негізгі мақсаты – оның кәсіби қасиеті мен атқаратын қызметіне байланысты міндеттерін орындау қабілетін бағалау. Бұл маманның шеберлігін, тәжірибесін, орындайтын жұмысының күрделілігін ескере отырып, кадрларды барынша тиімді және ұтымды орналастыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде аурухана қызметін жетілдіру және халыққа медициналық көмек көрсетуді барынша жақсарту іске асырылады.