Медбике ісіндегі коммуникация – медбикенің сапалы жұмысына қажетті маңызды дағдылардың бірі.
Медициналық процедуралар мен манипуляцияларды мейірімді, техникалық сауатты орындаумен қатар, медбикенің кейде физикалық және психологиялық қиындықтарға тап болатын науқастармен қарым-қатынасының рөлі зор. Пациенттердің қарым-қатынасқа деген түрлі қажеттіліктері болуы мүмкін немесе пациентке кеңес, жайлылық, қолдау, не болмаса жай ғана өз тәжірибесімен бөлісу қажет болуы мүмкін.
Бүгін Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының психологы Гүлнар Дощанова аурухананың орта буын қызметкерлеріне «Медбике мен науқастың қарым-қатынас психологиясы» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтан кейін қызметкерлерге релаксация және күйзелістен арылу тренингі өткізілді.