Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Бұл мейрам – бейбіт өміріміз, азаттығымыз бен жарқын болашағымыз үшін сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларымыздың ерлігі.

Біз кейінгі ұрпақ соғыстан оралмаған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, арамызда аман жүрген соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қарап, бой түзеп, бас иеміз.

Қуанышы мен қайғысы қатар жүретін мереке күні баршаңызға тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін тілейміз. Отбасыларыңыз аман, денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз жемісті болсын!

Аспанымыз әрдайым ашық болып, еліміз өркендей берсін.

Ізгі ниетпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы