Жеңіс күні құтты болсын!

Жеңіс күні құтты болсын!
Бұл күн – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн.
Біздің бейбіт өміріміз – азаттығымыз бен жарқын болашағымыз үшін сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларымыздың ерлігі.
Біз, кейінгі ұрпақ, соғыстан оралмаған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған
соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қарап, бой түзеп, бас иеміз.
Жыл өткен сайын Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмысында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады.
Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын пида еткен азаматтарымызды мәңгі есте сақтаймыз!
Құрметті Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндегі адал еңбегіңіз бен белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз!
Қуанышы мен қайғысы қатар жүретін мереке күні баршаңызға тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін тілейміз. Отбасыларыңыз аман, денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз жемісті болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ізгі ниетпен: Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы