Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Отан қорғаушылар мен ел игілігі үшін еңбек етіп, оның дамуына үлес қосып жүрген, әсіресе, адам өмірі мен денсаулығы үшін күресіп жатқан барша азаматты бүгінгі мерекемен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасыңызға мейірімді, қайратты да мақсатты болыңыздар.
Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметіңізде табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, мол бақыт, ашық аспан, бейбіт ғұмыр тілейміз.
Еңсеңіз биік, мерейіңіз үстем, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ізгі ниетпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы