Қазақстанда маусымның 12-сі жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Қазақстанда маусымның 12-сі жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Бұл туралы Мемлекет басшысы Абай облысындағы өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына көңіл айтып барғанда мәлімдеді.

“Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев .

Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған. Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған.
Өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы өрттен қаза тапқандардың отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.