Тамыздың 11-і – Халықаралық сау жүрек күні
Бұл күн үздіксіз жұмыс істейтін, қатты күйзеліске ұшырайтын «ішкі қозғалтқышымызға» күтім жасаудың және адамға өз денсаулығын бақылаудың, жүйелі түрде тексеруден өтудің қаншалықты маңызды екенін еске салады. Жүрек-қан тамырлары аурулары әлемде өлім мен мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бұл күн қыркүйекте бүкіл әлемде атап өтілетін Дүниежүзілік жүрек күні қарсаңында өтеді.
Адам жүрегі оның анасы жүкті болғаннан кейін бір айдан соң соға бастайды және өмір бойы жұмыс істейді.
Ең жиі кездесетін жүрек ауруларының ішінде:
• аритмия,
• атеросклероз,
• жүректің ишемиялық ауруы,
• жүрек ақауы және т.б. бар.
Бүгін біз жүрек ауруы кез келген жаста орын алуы мүмкін екенін баса айтқымыз келеді. Жүректегі ауырсыну сезімін елемеуге болмайды.
Келесі жайттар орын алса, маманға көрініңіз:
• жүрек аймағында ауырсыну сезімі (қарқындылығы мен пайда болу жиілігі маңызды емес);
• себепсіз естен тану немесе естен тану алдындағы жай;
• жүрек ырғағының бұзылуы, атап айтқанда, жалпы әл-ауқаттың нашарлауы фонында жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы;
• ентігудің пайда болуы;
• жиі бас айналу, шамадан тыс терлеу және түсініксіз әлсіздік;
• тез салмақ қосу;
• гипертониялық ауру;
• шамадан тыс шаршау.
Жүрек-тамыр жүйесі ауруларының қаупін азайтуға бағытталған бірқатар ұсыныстар бар. Олар: жүйелі түрде жаттығу жасап тұру, дұрыс тамақтану, темекі шегуден және алкогольді шамадан тыс тұтынудан бас тарту, күнделікті 7-8 сағат ұйықтау, медициналық тексеруден өтіп тұру.
Сонымен қатар,
• тұзды тұтынуды азайту (тәулігіне 5 г);
• тамағыңызда жеміс пен көкөніс үлесін арттыру;
• қаныққан майы жоғары тағамдарды тұтынуды шектеу, транс майлардан бас тарту;
• қан қысымын бақылау;
• отбасындағы және жұмыстағы дауды бейбіт жолмен шешу.
Осы қарапайым әрекеттер жүрекке ғана емес, сонымен қатар бүкіл ағзаға, жалпы әл-ауқатқа оң әсер етеді. Жүрегіңізге қамқор болыңыз!
Құрметпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы