Жүрек туралы қызықты деректер:

• Жүрек бұлшықеті дененің басқа бұлшықеттерімен салыстырғанда ең көп жұмыс көлемін орындайды.
Жүрек күн сайын жүк көлігін 25 шақырым, ал жеңіл көлікті 32 шақырым жүргізуге жеткілікті қуат өндіреді.
Адамның өмірінде жүрек айға және кері сапар шеге алатындай энергия шығарады.
• Адамның жүрегі қалыпты жағдайда өмір бойы 3 миллиард, минутына – шамамен 72, тәулігіне – 100 мыңға жуық, ал жылына – 36 миллион 500 мың ретке дейін қысқарады және 10 тоннаға жуық қанды айдайды.
• Жүрек тамырлары арқылы орасан зор қан – бір жарым миллионға жуық баррель (1 баррель ~159 литр) айдайды.
Онымен жүк пойызын толтырсаң, кем дегенде екі жүз цистерна керек болады.
• Ересек адам үшін минутына 60-85 рет жүрек соғысы қалыпты болып саналады, ал жаңа туған нәрестеде бұл көрсеткіш 150 соққыға жетуі мүмкін.
• Әйелдің жүрегі ер адамға қарағанда тезірек соғады. Мүмкін сондықтан әйелдер сезімтал және эмоционалды болып келеді.
• Осы саладағы зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, түскі астан кейін ұйықтайтын адамдардың күні бойы сергек жүретіндерге қарағанда жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығу ықтималдығы 37%-ға аз.
• Жүректің массасы 350 грамнан аспайды, ал оның көлемі жұдырықтай ғана.
• Түшкірген кезде жүрек тоқтайды. Бұл медициналық құрылғыларда анық көрінеді.
• Осы саладағы зерттеулер ұзақ уақыт бірге тұратын адамдардың жүрек соғу жиілігі мен тыныс алуы бірдей болатынын көрсетті.
• Күлкі мен қуаныш жүрек-қантамыр жүйесі үшін тамаша көмекші болып табылады, олар денсаулықты сақтауға көмектеседі.
Күлкі тамырлар арқылы жүретін қан ағымын 20%-ға тездететіні дәлелденді.
• Стресс пен эмоционалдық жарақаттың фонында жүрек бұлшықетінің ағза шамадан тыс кернеуін тудыратын гормондар шығарады.