Анапияева Зина Каламхановна

Анапияева Зина Каламхановна
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімінің медбикесі
Еңбек өтілі – 32 жыл
– Бала кезімнен ақ халатты медицина қызметкерлеріне жан-тәніммен қызығатынмын. Медицинаны таңдаған себебім де сол, – деп бастады әңгімесін Зина Каламхановна. – Еңбек жолымды №7 ауруханадан бастадым. ҚЖШККА-да 2018 жылдан бастап істеймін.
– Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы болғасын қабылдау бөлімінде неше түрлі оқыс жағдайларға тап болған науқастармен жұмыс істейміз. Оларға барынша көмек көрсетіп, жағдайын жасауға тырысамыз. Менің жұмысым да сол ғой науқасқа – алғашқы көмекті көрсетумен қатар санитарлық талаптарға сәйкес тазалыққа жауап беремін.
– Медицина қызметкері қашанда адал, мейірімді, сезімтал болу керек деп есептеймін. Отыз жылдан астам жұмысымда бүгінгі күнге дейін осы салада еңбек еткеніме еш өкінген емеспін, қайта қуаныштымын. Бос уақытымды отбасыммен өткіземін. Егер сіз өз жұмысыңызды жақсы көрсеңіз, кез келген қиындықты жеңе аласыз. Ең бастысы, біздің жұмысымыз адамдарға пайда мен үміт әкелетінін ұмытпау керек, – деп түйіндеді Зина Анапияева.