Алматыда пандемияға қарамастан дәрігерлер адамдардың өмірін құтқаруда.

Алматыда пандемияға қарамастан дәрігерлер адамдардың өмірін құтқаруда.

Шұғыл жедел жәрдем ауруханасының, қазіргі уақытта провизорлық орталықтың дәрігерлері карантинде болған науқасқа шұғыл операция жасады. Провизорлық орталыққа ауруханаға жатардан бұрын науқаста бірнеше күн дене қызуы көтеріліп, сырқаттану салдарында Covid-19 жұқпасының белгісі болуын анықтау мақсатында науқас үнемі аурухана дәрігерлердің бақылауында болды. Анализдері теріс нәтиже көрсетті. Тексеріс кезінде науқаста асқынған түрдегі күрделі аппендицит анықталды, оны дер кезінде алып тастаумен әйелді сепсистен құтқарып қалу керек болды. Хирургтар операция жасау туралы шешім қабылдады. Коронавирусқа тестілеу нәтижесінің теріс болғанына қарамастан, әйел карантинде болды, ал, бұл әлеуетті түрде қауіпті. Операция жасарда стационардың хирургы Нұрхат Есенбеков, оның ассистенті гинеколог Гүлмира Орынова, анестезиолог Марат Сәтбеков және мейірбикелер обаға қарсы костюм киді.. — Біз ешқашан мұндай жағдайда жұмыс жасаған емеспіз, өзімізді ыстық моншада жүргендей сезіндік- деп бөлісті Нұрхат Есенбеков. — Бетперделер терлеп, бәрі нашар көрініп, тыныс алу қиындады, ассистентім талып қалмас үшін әзер шыдады. Операция екі сағатқа созылды. Нұрхат Есенбеков шамамен 9 жыл операция жасайды, ал бұл операция оның тәжірибесіндегі ең қиын операция. Дегенмен, бәрі сәтті өтті, науқас сауығып келе жатыр. Ал дәрігерлер жақын жандарынан алыста өз борыштарын өтеуде. Хирургтың айтуы бойынша, отбасын көрмегеніне бір ай болыпты. — Стационарымыз ұйымдастырған қонақүйде тұрамын, жұбайым және балаларыммен телефон арқылы ватсаппен сөйлесемін. Олар жарады, барлығын түсінеді әрі мені қолдайды. Жұбайым инфекционист-дәрігер, сондықтан да барлығын түсініп, балалармен үйде қалды, ал мен қызметімді атқарып жүрмін. Қазір бәріне де оңай тиіп тұрған жоқ және де ең бастысы төзім болып берілмеуіміз керекпіз. Біз бұл ауруды жеңеміз!