Шұғыл жедел жәрдем аурухананың дәрігерлері оба індетінен қорғау костюмін киюмен екі лапароскопиялық операция жүргізді.

Шұғыл жедел жәрдем аурухананың дәрігерлері оба індетінен қорғау костюмін киюмен екі лапароскопиялық операция жүргізді.

Провизорлық орталықтың медицина қызметкері бір ауысым ішінде аппендицитті алып тастау бойынша екі лапароскопиялық операция жүргізді. 35 және 32 жастағы науқастар карантин ошағынан келіп түскен. Осылайша, олар әлеуетті түрде қауіпті болып саналады.

Дәрігерлер екі науқаста да жіті аппендицитті байқап, олар шұғыл операцияның жасалуын қажет еткен. Хирургтер операцияны заманауи әдіспен жүргізуді шешті. Лапароскопиялық хирургия науқастарды емдеу нәтижесі көзқарасынан айқын түрде үстемді болғанмен, мұндай операцияны жүргізу механизмінің өзі дәрігер үшін әдеттегімен салыстыра қарасақ кішкене тесік жасау арқылы ашық операция саналғандықтан, күрделі болып табылмақ. — Біздің клиника мұндай операцияларды жүргізу жағынан тәжірибесі мол клиника, бірақ, оба індетінен қорғау костюмін кие отырып жасау оңайға соқпады- деәді хирург Нұрхат Есенбеков.- 35 жастағы ер адамда бірнеше күн көмекке жүгінбегендіктен асқына бастаған. Дегенмен, біз тәжірибемізге сүйене отырып ашық тесік жасамай-ақ, оепарция жүргіздік. Екі операция да жарты сағатқа ғана созылды. Әр операция — бұл дегеніміз мамандардан жиналған командамен жүзеге асатын жөнді жұмыс. Бригада құрамында оператор хирург Нұрхат Бақытұлы Есенбеков, оның ассистенті Кемелбек Адитбеков, анестезиолог Марат Сәтбеков және аға мейірбике Ғалия Алмабаева.

Аурухананың медицина қызметкерлері өз ісінің мамандарының адамдарға қайсыбір жағдайда көмек қол ұшын созатынын тағы да дәлелдеді. Дәрігерлердің тек бір ғана өтініші бар- ол уақытында көмекке жүгіну және ауруды асқындырмау. Бұл денсаулыққа ғана зиянын тигізе қоймай, сондай-ақ, дәрігерлердің жұмысын да қиындата түспек.