4 Маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

4 Маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл.
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!
Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!
Ізгі ниетпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы