ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ МЕДБИКЕЛЕР САНЫ ТОЛЫҚТЫ!

ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ МЕДБИКЕЛЕР САНЫ ТОЛЫҚТЫ!
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының 17 медбикесі Республикалық жоғары медициналық колледжінде «Медбике ісі – медбикенің қолданбалы бакалавры» мамандығы бойынша оқуын сәтті аяқтады. Олардың барлығы жоғары білімді медбике болды. Бұл олар дәрігердің көмекшісі дегенді білдіреді. Карантин кезінде дәрістер онлайн режимінде өткізілді, бұл медбикелерге емтиханды сәтті тапсыруға еш кедергі болмады. Жоғары білімді медбикелердің көпшілігі хирургия бөлімшесінде жұмыс істейді.
– Біздің әдеттегі тәжірибемізден басқа, біз денсаулық сақтау, статистика, заңнама, жоспарлау сияқты пәндерді оқыдық және тапсырдық, – деп бөлісті Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының бас медбикесі Алуа Кошамбекова. – Біз, әрине, бір саты жоғары бастық, әкімшілік жұмысты атқара аламыз, жоспарлау, оқытумен айналыса аламыз, медбикелік диагноз қоя аламыз, сонымен бірге қашанда жоғары білікті алғашқы көмек пен қамқорлық көрсете аламыз. Жас қосқан сайын оқуды да жалғастыруға болатыны, алға жылжып, дамып, жаңа білімді өз жұмысыңда қолдануға болатыны қуантпай қоймайды.
Жаңа оқу жылында аурухананың басқа медбикелері де оқып, білім алуды жоспарлап отыр.