ҚЖШККА отабөлмесі айдары

2021 жылдың аяғында Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы нейрохирургия бөлімшесіне бір жыл бұрын алған жарақатына байланысты сол кезде ауруханамызда ота жасалған 40 жастағы ер адам қайта жүгінді. Отадан кейін науқастың бас сүйегінде косметикалық ақау болды. Бас сүйек ақауын қалпына келтіру жарақаттан кейін қалпына келтірудің маңызды кезеңі. Ауруханамызда бас сүйек ақауын қалпына келтіру үшін емдеудің заманауи әдістерінің барлық кешені қолданылады. Егер бас сүйек пластикасы туралы айтатын болсақ, онда 3Д басып шығару әдісі іске асырылады.
3Д үлгілер компьютерлік томография деректері арқылы жасалады, содан кейін дәрігерлерге ота жасау кезеңдерін жоспарлауға және хирургиялық шаблондарды жасауға көмектесетін пластик макеттер басып шығарылады.
Аталған ота кезінде Limard NT 3Д басып шығару компаниясының қызметкерлері бізге техникалық жағынан көмектесті, имплант солармен бірге үлгіленді.
«Нейробейнелеудің заманауи әдістерінің көмегімен виртуалды модельді құрастыру арқылы нақты өлшемді 3Д имплант жасалды. Бас сүйек және басқа да сүйек ақауларын жабуға арналған 3Д имплантты жасаудың артықшылығы – бас сүйектің сау бөлігімен барынша симметриялы ету», – дейді ҚЖШККА нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Константин Ли.
Ота сәтті өтіп, науқастың қазіргі жағдайы қалпына келіп, ол үйге шығарылды.