Озық қызмет етіп жүрген медицина қызметкерлері не туралы армандайды?

Озық қызмет етіп жүрген медицина қызметкерлері не туралы армандайды?

Шұғыл жедел жәрдем ауруханасыынң дәрігерлері адамдарға Төтенше жағдай кезінде көмек көрсетуін жалғастыруда. Олар байланыста болған адамдарды бақылайды, COVID – 19 ауруына ұқсас күйдегі науқастарды тексеріп емдеуде, хирургиялық, урологиялық, гинекологиялық аурулармен, карантин ошақтарынан жеткізілген түрлі жарақаттармен пациентерге шұғыл көмек көрсетеді. Травматология бөлімшесінің меңгерушісі Владимир семенов, травматологтар Орынбасар Еркеев, Бақытжан Монтаев, анестезиолог-дәрігерлер Тимур Райымжанов, Марат Сәтбеков, анестезист Илья Лубошников, операция блогының қызметкерлері Ақмарал Ахметәли, Ақерке насанова, рентген-зертханашы Абай Қали құрамынан тұратын операция бригадасы жамбас және иық сүйектері сынған пациенттерге 2 операция жүргізді.

– Операция негізінен әдеттегідей, біз ондай операцияны көп мәрте жүргізгенбіз, бірақ, мұндай шұғыл жағдайда – қорғау костюмінің қозғалуға кедергі жасауымен операция ешқашан жүргізген емеспіз- деп айтады Владимир Семенов.-35 жыл ішінде Мен мұндай жағдаймен кездесуім алғаш рет, дегенмен, АИТВ, вирустық гепатиті бар науқастарға операция жасағанмын, сонда да осыншама қиын болған жоқ.

– Операция қанша уақытқа дейін созылды және оның маңыздылығы неде еді?- Әрине, операция әдеттегіден ұзағырақ жасалды. Сонымен қатар, бізге операция бөлмесінде қозғалыс санын азайту үшін алдын ала барлығын жоспарлау керек болды. Оңайға тимеді, бірақ та біз шамамыз келгенше табысты өткіздік.

– Қазіргі кезде операцияға деген дайындығыңыз? Бүгінгі вирус үрейімен қалай күресесіз, Сіздер де адамсыздар ғой және жұқтырып алуға қорқасыздар?

– Кәдімгідей, себебі дәрігер өз борышын өтеуі тиіс. Моральды, эмоционалды түрде сабыр сақтап, жинақталып, операцияны ғана ойлайсың.- Пациенттер операция жасардың алдында қандай күйде, басқа сөзбен қандай психологиялық күйде болады?

-Пациенттер операцияның алдында әрине қазіргі күні тіптен де уайымдайды. Олар ашуланады, үнемі стрессте болатындары бар. Адам баласы палатадан шықпай, ешкіммен әңгімелеспейді- осының бәрі жүйкені тоздырады. Мұндай күйде болған пациент біздің де жұмысты қиындатады, себебі, стресстегі адамның қан қысымы көтеріліп кетуі мүмкін, ол дәрігерге сенуді қояды. Бізге адамды стресс күйінен шығару үшін психолог болуға да тура келеді.

– Карантин біткеннен соң ең алдымен немен айналысатыныңызды ойладыңыз ба?

– Мен саяжайыма барамы, үнемі осы туралы армандаймын. Ол жерде баяғыда жұмыс істеу керек еді, ал Мен қала жабық болған себепті оған жете алмай жүрмін. Осы жағдай мені қатты қайғыртады, дегенмен, жақын арада саяжайға барып демалатыныма сенемін.

Гемодиализ бөлімшесінің қызметі де қайнау үстінде, бұрынғыдай 8-10 пациенттің орнына мұнда 28 адам, сол себепті басқа стационардан келіп түскендерге гемодиализ жүргізу үшін қосымша аппараттар орнатылды. Провизорлық орталыққа тек шұғыл патологиясы бар пациентерді ғана емес, басқа клиникадан байланыста болған адамдарды да жеткізіп жатыр. Гемодиализдің жүргізуіне мұқтаж адамдар мысалға жоспарлы түрдегі науқастар секілді күте алмайды, бүйрек қызметін демдеу өмірлік маңызды емшара. Олармен барлығы бес маман жұмыс істейді — бұл дәрігерлер Мақсат Жарылғапов, Жасұлан Сағатбаев, мейірбике Шолпан Рамазанова және санитарлар Думан Абирова мен Гүлдана Акыбаева.

– Түнгі мерзімге дейін қызмет етеміз, көмек қолдары жеткіліксіз-дейді нефролог

Мақсат Жарылғапов, -Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі деңгейі жоғары болғандықтан, қазір біздің бөлімшеде жұмыс істеуге әрқайсысы келісе бермейді.Гемодиализ емшарасын жүргізуге кәсіпті маманның болуы бұрыннан мәлім, бұл қанмен жұмыс істейтін үнемі жұмыс түрі, бүгінгі күні біз оған қоса қорғаныш костюмін киіп жүргіземіз. Сондай-ақ, гемодиализ алатын пациенттерге ерекше көңіл бөлу қажет. Шыны керек, тіпті жақын туыстарымызбен әңгімелесуге уақыт жоқ, жұмыстан келе салып келесі күнге күш жинау үшін ұйқыға батасың. Барлық қызметкерлерге тұратын жер жұмыстан алыс емес жерде ұйымдастырылған, әкімшілік 3- мәрте тамақпен қамтамасыз етеді. Тап қазір жалғыз ғана арманым бар — ол ұйқымды қандыру. Медицина қызметкерлеріне құдай күш пен жігер берсін және пандемияны тез арада жеңейік.