Командалық жұмыс.

Командалық жұмыс.

Бүгін көзге көрінбейтін майданның жауынгерлері туралы айтқымыз келеді. Шұғыл жедел жәрдем ауруханасын провизорлық орталыққа қайта бейіндеген кезден бастап мұнда медицина қызметкерлерінің жұмысын Төтенше жағдай кезінде үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ететін штаб құрылды. Оның жетекшілігінде — барлық шаруашылық қызмет, статистика, бухгалтерия, мемлекеттік сатып алу, пациенттерге кеңес беру көмегі, құрал-жабдықтардың іске қосылуын, желдету жұмысын және санитарлық тораптарды бақылау, провизорлық стационарға вирусология анализдерін және оның қорытындыларын жеткізу, демеушілермен келіссөзге келу, туысқандардан келген сәлем-сауқаттың берілуін ұйымдастыру, жедел желі. Тіпті, аурухананың ішінде, арнайы қорғаушы костюмісіз өзге де жүре алмайтын себепті, курьерлік қызмет те құрылған. Штабта 24/7 кестесі бойынша 15 адам жұмыс істейді. -Төтенше жағдай кезінде қазір барлығы тәуілк бойы жұмыс істейді десем, артық айтқан емес- дейді штабтың үйлестірушісі, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің бастығы Сәуле Сауранбаева.- Біз сондай-ақ, отбасымызды көрмейміз, менің немерем осы уақытқа дейін 4 айға толды, бірақ, мен оны тек суреттен ғана көремін. Бізге қиын деп айтсам түк айтпағаным, дегенмен, бұл мамандықты өзіміз таңдадық, яғни, барлығына да дайын болуымыз керек. Жалғыз айтарым бар, пациенттер мен оның туысқандарына — оқшаулау шарасына төзімді болыңыздар. Барлық іс-шара қауіпті індетті тоқтатуға және барлығымыздың Төтенше жағдай режимінен шығуға бағытталған. Соңғы күндері пациенттердің жүйкесі този бастады, олар медицина қызметкерлеріне суицид жасаумен, палатадан қашып кетуге, терезеден секіруге ұмтылу әдістерін жасаумен қорқытады, ал бұл қазіргі сәтте аса қауіпті нәрсе. Штабта командалық жұмыстың болуы өте маңызды. Оны басшылыққа алып іске асырып жатқан бас дәрігердің орынбасары Оңласын Ибекенов және Тамара Абдирова. Осы бір бәрімізге оңай емес күндері біздің мамандарды бұдан да ауыр қызмет учаскесіне шақырғанын айта кетсек, мысалға, бас дәрігердің орынбасары Мағаз Мұқашев жаңадан салынған модульдік стационардың бас дәрігерінің м.а., ал, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Бахтияр Бекішев өз командасымен Балалар жұқпалы ауруы ауруханасындағы әріптестеріне көмек қолын созуда. Осындай жайт біздің Провизорлық стационардың мамандар шеберханасы көзі екендігін және Төтенше жағдай режимінде медициналық көмек көрсетуге әзір екендігін тағы да растайды.