Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ұжымы медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Еуразиялық гастроэнтерологтар қауымдастығының президенті Жанғабылов Абай Кенжебайұлының дүниеден өтуіне байланысты отбасына, туған-туыстарына, жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Абай Кенжебайұлы 200-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде 3 монография, 4 орысша-қазақша медициналық сөздік пен 3 медициналық оқу құралының бірлескен авторы.
Оның жетекшілігімен 3 медицина ғылымының докторы мен 15 кандидаты дайындалған. Абай Кенжебайұлының ғылыми еңбектері қан аурулары патологиясы мен гастроэнтерология саласына арналған. Ол бұл салада АҚШ, Германия, Италия, Ресей ғалымдарымен тығыз байланыста болды. Абай Жанғабылов қымыз бен шұбаттың емдік қасиеттері туралы да жазған.
Оның өмірі, кәсіби жетістіктері, адами қасиеттері біздің жадымызда мәңгі сақталады. Профессор жазған гастроэнтология және дұрыс тамақтану, диетология саласындағы еңбектер оның өмірлік мұрасы болмақ.
Жанғабылов Абай Кенжебайұлының жарқын бейнесі әрқашан жүрегімізден орын алмақ.