ЖШККА-ның хирургтары лапароскопиялық оталарды жаңа құрылғыларда жасауды үйреніп жатыр.

ЖШККА-ның хирургтары лапароскопиялық оталарды жаңа құрылғыларда жасауды үйреніп жатыр. Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы сатып алып берген жаңа бейнелапароскопиялық кешенінің арқасында бізде емделіп жатқан науқасқа өт жолдарының ауруларына күрделі ота жасалды. Ресми медициналық тілмен айтқанда бұндай оталар – лапароскопиялық холецистэккомия деп аталады. Бұл созылмалы және қабынып кеткен холециститті емдеудің таптырмас амалы. Біздегі отаның ең басты артықшылығы біз денені кеспей ота жасаймыз. Хирург кішігірім тесіктер арқылы денеге арнайы трубканы кіргізеді. Барлық ақпарат экран берінде көрсетіліп тұрады. Айта кететін маңызды жайт, экран бетіндегі бейненің сапасы, тіліп жасағаннан әлде қайда жақсы көрініп тұрады. Сондай-ақ, қалыпқа келу уақыты қарапайым отамен салыстырғанда жылдам жүреді. Бізде ота жасатқан науқас бар болғаны 5 күнде жұмысына шығуға мүмкіндік алды.