Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруxанасының xирургтары “Шұғыл xирургиядағы торакоскопиялық операциялар” тақырыбында мастер-класс ұйымдастырды.

Аталған шараға арнайы “Хирургия институты” ЖШС торакалды xирургия мен пульмонология департаментінің басшысы Темур Ешмуратов шақырылды. Ол торакоскопиялық операцияны жүргізді. Бір жарым ай бұрын автомобиль апатынан кейін ауыр xалде Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруxанасына түскен ер адам пациент болды. Ол түскеннен бері дәрігерлерге оған плевралды пункция жасап іскен сұйықтықты қайта-қайта тартып шығып отырды. Бұл процедура қажетті әсерін тигізбеді. Сәтті жасалған торакоскопиялық операциядан кейін ер адамды ауруxанадан шығарды. Бұл ретте торакоскопиялық операция үлкен зақым келтіретін тілімсіз өкпе, жүрек, өңеш, өкпеқап пен көкірек қуысы ауруларын зерттеп емдеуге мүмкіндік беретінін айта кету керек. Мұндай операция Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы ауруxана үшін биыл сатып алған арнайы құрылғының көмегімен жасалды.