Жыл сайын наурыздың 24-інде Дүниежүзілік Туберкулезге қарсы күрес күні атап өтіледі.
Бұл күннің белгісі ретінде ақ түймедақ таңдалған. Ол таза ауа өкпе мен сау тыныс алудың символы болып табылады.
2021 жылы бұл күннің ұраны «Уақыт өтіп жатыр!».
Туберкулез – әлемдегі ең жиі кездесетін аурулардың бірі. Әрі ең қауіпті 10 дерттің қатарына кіреді екен.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Қазақстанда туберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттану 2,3 есе азайды.
Туберкулезді ерте анықтау мен сәтті емдеудің маңызды аспектісі – халықтың туберкулез туралы жалпы хабардарлығы және жалған пікірлердің болмауы.
Туберкулез – бұл ауа арқылы өтетін жұқпалы ауру және онымен кез келген адам ауырып қала алады. Ұлттық туберкулезге қарсы компания туберкулезге шалдыққан адамдарды стигматизациялауға, кемсітуге және әлеуметтік шеттетуге қарсы күрес бойынша күш-жігерді біріктіруге ерекше назар аударады.
Бүкіл әлем атап өтетін күннің міндеті жердің барлық тұрғындарын туберкулез мәселесі кез келген адамға әсер етуі мүмкін деп шақыру, сондықтан науқанның сәттілігі әр адамның жеке ұстанымына байланысты. Өзіңізден, өмір салтыңыздан, алдын-алу шараларынан бастау керек. Ең бастысы: аурудың алғашқы белгілерінде дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Уақтылы анықтау және үздіксіз емдеу кезінде туберкулезді толық емдеуге болады.
Туберкулезбен ауырған адамдар айналасындағыларға қауіп төндірмей, оқи алады, жұмыс істей алады, дені сау бала туып, толыққанды өмір сүре алады.