Аурухана қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз

Аурухана қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз
Смағұлова Айсұлу Мейрамбекқызы
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы гинекология бөлімшесінің аға медбикесі
Жалпы еңбек өтілі – 16 жыл
Еңбек жолын 2004 жылы оқуын бітірген бойда Қалқамандағы №1 қалалық аурухананың ақылы гинекология бөлімшесінде медбике ретінде бастаған. 2 жылдан кейін аға медбике қызметін атқара бастаған.
2013 жылы Қазан қаласында «Инфекция негіздері. Дезинфекция және зарарсыздандыру» бойынша біліктілікті арттыру курсынан,
2014 жылы Минск қаласында «Бүйрек трансплантациясы» бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 2016 жылдан бері жұмыс істейді.
– Мен бұл мамандықты анамның қалауымен таңдадым. Ең бастысы, өзім таңдауыма еш өкінген емеспін, – деп бастады Айсұлу Смағұлова. – Жас мамандарға айтарым, бірінші кезекте өзіңіздің таңдауыңызға, өз жұмысыңызға құрметпен қараңыз. Оны жақсы көріңіз әрі бағалаңыз. Сонда ғана сіз жедел медицинада жұмыс істей аласыз. Ең басынан сіз қайда жұмысқа келгеніңізді, сізді не күтіп тұрғанын түсінуіңіз керек. Әйтпесе қиын болады. Шыдамай кетіп жататындар жоқ емес. Медбикенің жұмысы физикалық және психикалық тұрғыдан ауыр. Мамандықта рухы мықты, шыдамды, мейірімді, жанашыр адамдар ғана қалады.
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы гинекология бөлімшесінде қазіргі кезде 13 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 2 мейіргер бар.
– Медицина саласында, гинекологияда жұмыс істеп жүріп, әйел қауымына айтарым – денсаулығыңызды қадағалаңыз, әрдайым өзіңізге мұқият болыңыз және жылына кемінде бір рет гинекологқа қаралып тұрыңыз. Ешбір жағдайда профилактикалық қаралудан қалып қоймаңыз. Өзіңізге қамқор болыңыз, сіз жалғызсыз! – деп баса айтады Айсұлу Мейрамбекқызы.