Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімінің тынымсыз күнделікті өмірі
Қабылдау бөлімі – адам денсаулығы, кейде тіпті өмірі үшін күрес басталатын жер. Мұндағы медицина қызметкерлерінің өмірі стресс жағдайға, қиын өмірлік және қайғылы оқиғаларға толы. Қабылдау бөлімінде тыныштық болмайды.
Медицина ұйымдарында ковид келгелі арнайы костюмдер кию қажет болды. Енді медицина қызметкерлері жұмысқа келген кезде өз киімдерін шкафта қалдырып, жұмыс киіміне ауыстырады. Одан кейін жеке қорғаныс құралдарын кию бөлмесінде арнайы киім, аяғына үлкен бахила, арнайы бас киім, респиратор, комбинезонның капюшоны, екі жұп қолғап, сондай-ақ көзілдірік немесе қорғаныс экранын кию керек.
Комбинезонның шеттері респираторға арнайы скотчпен жабыстырылады. Мойын аймағында ашық жер қалмау керек. Мұндай арнайы киімді кию орта есеппен бес-жеті минутты алады. Соңында сіз денеде ашық жер қалмағанына көз жеткізуіңіз керек, сол үшін бөлмеде айна бар.
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөлімі шұғыл хирургиялық және терапиялық аурулары бар науқастарға тәулік бойы жедел көмек көрсетеді. Тек жоспарланған ауруханаға жатқызу және мамандардың кеңестері уақытша тоқтатылды.
Пандемия кезінде барлық медициналық ұйымдар инфекциялық аурухана принципі бойынша таза және лас (қызыл) аймақтарға бөлініп жұмыс істейді.
Ауруханаға кіре берісте, тіркеу бөлімінде науқас бойынша барлық құжаттар өңделеді. Қабылдау бөлімінде мамандар келіп түскен науқасты тексеріп, оны қайда жіберетінін шешеді.
Ең мұқтаж ауыр науқастарға уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін триаж іріктеу жүргізу керек, яғни науқас жағдайының ауырлық дәрежесін бағалау керек. Барлық ағындар бөлінген – ауыр науқастар бөлек кіре беріс арқылы қабылдау бөлімінде орналасқан және барлық қажетті құрал-жабдық пен дәрі-дәрмегі бар жан сақтау бөліміне дереу түседі. Пациенттердің осы тобы қабылданғанға дейін оларды жан-жақты терапия бөлмесінде көпсалалы топ күтіп алып, кешенді тексеру жүргізеді. Ол үшін жедел жәрдем шақырылған жерден тасымалдау кезеңінде қабылдау бөлімін хабардар ететін ақпараттық жүйе құрылды.
Карантиндік режимді сақтау үшін пациенттердің күнделікті ағыны COVID-19 ауруына күдікті науқастармен қиылыспайтындай бөлінеді. Ауруханаға түскен шұғыл көмекке мұқтаж, соның ішінде COVID-19 клиникалық белгілері бар науқастарға көмек эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып және жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып оқшауланған бөлмеде көрсетіледі.
Қабылдау бөліміндегі әр ауысым алдыңғы ауысымнан ерекшеленеді. Салыстырмалы тыныштық болуы мүмкін немесе науқастардың ағымы басым болуы мүмкін. Бірақ ең бастысы, әр ауысым айқын нәтиже береді.
Ауысым аяқталғаннан кейін қызметкерлер санитарлық бақылау бөлмесінен өтіп, онда арнайы киімді шешеді. Содан кейін олар таза аймаққа, душқа барады. Енді үйге қайтуға болады.