Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз

Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз
Бүгін біз сізді жоғары санатты травматолог-ортопед – Даврешов Ахмед Анваровичпен таныстырамыз @dr.ahmeddavreshov
Еңбек өтілі – 13 жыл
Ахмед Анварович «медицинаны таңдаған себебіңіз» деген сауалға өміріндегі бір қайғылы оқиғаны айтып берді.
– 1999 жылдың қарашасында әкемнің қолында 36 жасында менің ағам кенеттен қайтыс болды (миокард инфарктісі). Мұны еске алу әлі де қиын. Біздің қасымызда бірнеше көрші дәрігер тұрған мен оларды көмекке шақыруға жүгірдім, бірақ, өкінішке қарай, ешкімді таппадым, қайтып келген кезде қолында інісі қайтыс болған әкемді және 10 мен 13 жас аралығындағы 3 жетім баланы көрдім.
Мұны көргенде тұла бойымды жайлаған қайғыдан басқа менде бір сұрақ туындады -көмектесуге болар ма еді? Жетім балалар болмас үшін, үлкен ағалар інілері мен қарындастарын жоғалтпауы үшін сол кезде мен өзім үшін дәрігер боламын деп шештім. Бастапқыда мен кардиохирург болғым келді, бірақ университетте оқып жүргенімде травматология көңілімнен шықты.
– 4-курста оқып жүргенде мен №4 Қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінде үнемі кезекшілікке қалатынмын. Осындай кезекшілік кезінде көптеген пайдалы мағлұмат, тәжірибе алдым. Интернатура №7 Қалалық клиникалық аурухананың жағдайында қатар жүретін жарақат бөлімінде өтті. Интернатураны аяқтағаннан кейін №4 Қалалық клиникалық ауруханаға күйік бөліміне жұмысқа орналастым.
2011 жылы күрделі жөндеуден кейін Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қайта ашылғанда Ахмед Анваровичті травматология бөлімшесінің меңгерушісі Владимир Геральдович жаңа аурухананың жаңа бөлімшесіндегі командалық жұмысқа шақырды.
«Сенім білдіргені үшін мен ол кісіге зор ризашылығымды білдіремін», – деп атап өтті Ахмед Даврешов.
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы ашылғаннан бастап, травматология бөлімшесінде көптеген жоспарлы және шұғыл оталар жасалды.
«Кейде біз түннің бір уағына дейін ота жасаймыз», – дейді травматолог-ортопед.
Қызметкерлердің біліктілігін көршілес елдерде және еуропалық кадавер курстарында үнемі жақсартудың арқасында, травматология бөлімшесінде травматологиялық және ортопедиялық отаның барлық түрі жасалады.
– Менің кәсібімдегі ең маңызды нәрсе – адамға қиын сәтте көмектесу мүмкіндігі бұл өте маңызды, әрі үлкен сауап. Отадан кейін сау науқасты көру, оның еш ауыртпалықсыз және шектеусіз еркін өмір сүре алатынына көз жеткізу – бұл мен үшін үлкен қуаныш, – дейді Ахмед Анварович.
– Әлемдегі қазіргі жағдай мен пандемияға қарсы күрес туралы айтатын болсақ, мен біздің ауруханадандан алғашқылардың бірі болып COVID-19-ға қарсы вакцинаны ақпан айында алдым (SputnikV). Бірінші вакцинадан кейін келесі күні температура сәл көтерілді. Ал вакцинаның екінші дозасы ешқандай әсер етпеді.
– COVID-19 біздің елдің барлық дерлік азаматтарына әсер еткенін мойындау керек. Бұл аурудан құтылу оңай емес. Біз онымен бірге өмір сүруді үйренуіміз керек, санитарлық-эпидемиологиялық стандарттардың бәрін сақтап, вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті дамытсақ қана өмір сүре аламыз. Барлығына тексеруден өткеннен кейін вакцина алуға кеңес беремін.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз! Отбасыңызға көбірек көңіл бөліңіз! Аман болыңыз!.