Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз

Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз
Гебель Дмитрий Борисович
МРТ дәрігері
Еңбек өтілі – 15 жыл
– Медицинаға мен айтарлықтай кездейсоқ келдім, – дейді Дмитрий Борисович. – Мектептен кейін мен техникалық институтқа түстім. Бірақ екі курстан кейін инженер болып жұмыс істеу «менікі емес» екенін түсіндім. Менің сыныптасым ол кезде мединститутта оқитын. Мен де бағымды сынап көрейін деп шештім. Әуелі жансақтау бөлімінде санитар болып істедім. Жұмыс қанша ауыр болса да, мені қызықтырды. Сөйтіп мен де мединститутқа түстім. Оқу кезінде ауруханада, алғашқы курстарда санитар, соңғы курстарда мейіргер болып істедім.
– Сіздің мамандығыңызда ең маңызды не?
– Меніңше, біздің мамандықта барлық нәрсе маңызды. Кез келген кішкентай ғана нәрсе белгілі бір жағдайда маңызды нәрсеге айналуы мүмкін. Менің ойымша, медицинаны басқалардан ерекшелендіретін ең маңызды нәрсе – дәрігер ретінде жұмыс істеудің көп білім, ұзақ тәжірибе және аскетиктік өмір салтын қажет етуі.
Дмитрий Гебель Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 7 жыл жұмыс істейді.
– Мен инженер болмасам да, технологиядан алыс кетпедім, компьютерге деген құштарлық өз әсерін тигізді. Сәулелік диагностика үнемі дамып келеді. Заманауи технологиялардың арқасында диагностика сапасы айтарлықтай жақсарды. Сәйкесінше біздің мамандығымыз да дамып келеді және жоғары технологиялармен қатар жүреді, сондықтан біз өзімізді кәсіби тұрғыдан үнемі жетілдіріп отыруымыз керек, – дейді Дмитрий Борисович.
– Дұрыс диагнозды уақытында қою, адам мүшелерінің зақымдану динамикасы мен көлемін бағалау өте маңызды. Өйткені, бұл неғұрлым тезірек анықталса, соғұрлым науқастың сауығу мүмкіндігі де жоғары болады. Науқаспен не болып жатқанын түсіну қиын болған жағдайлар да болып тұрады. МРТ сияқты «сиқырлы» диагностикалық әдісті игеруге мүмкіндігім болғанына қуаныштымын және оның мүмкіндіктеріне таңданудан жалықпаймын, – деп түйіндеді МРТ дәрігері.