ЖШККА ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИДТЕН ӨКПЕСІ 100 ПАЙЫЗ ДЕРЛІК ЗАҚЫМДАНҒАН НАУҚАСТЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілуі тиіс болатын, бірақ оның жағдайы ауыр болғаны соншалық, жедел жәрдем дәрігерлері зейнеткерді ең жақын тұрған клиникаға әкелуге мәжбүр болды. Бұл Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы болып шықты. 14 күн бойы аурухана дәрігерлері ер адамның өмірі үшін күресті, науқастың өкпесінің 97 пайызы зақымданған болатын. Барлығы ойдағыдай өтті, бүгін ол COVID-ке теріс тестпен үйіне шығарылды.
– Науқасты протоколға сәйкес емдедік, сауығып кету үшін иммунитет, пациенттің оң көзқарасы, өмірге деген құштарлығы және емдеуші дәрігерді барынша тыңдауы маңызды, – дейді Бақыт Утаганов, бас дәрігердің стратегиялық мәселелер жөніндегі орынбасары, – Әрине, біздің тәжірибемізде бұл жүз пайызға жуық өкпенің зақымдануымен түскен науқасты емдегеніміз бірінші рет емес, сонда да әр сақтап қалған өмір үшін біз шын жүректен қуанамыз.
Бақыт Утаганов – Қазақстандағы ковидке шалдыққан алғашқы науқасты емдеген дәрігер, бұл 2020 жылғы наурыздың 13-інде болған-тын. Ол тәжірибелі инфекционист, өзінің еңбек жолын осыдан 15 жыл бұрын Жамбыл облысы, Рысқұлов аудан орталығында педиатр болып бастаған. Ол жалғыз өзі екі мың жергілікті балаға қарады. Содан кейін ол инфекционист ретінде оқуды жалғастыруға шешім қабылдады. Инфекция көптеген аурулардың негізі болып табылады, сондықтан ол мұны барынша түсінгісі келді. 2020 жылы дәрігер Ковидпен алғашқы күндерден бастап шайқасты, бес ай бойы отбасынан алшақта жұмыс істеді, айтпақшы, өзі Ковидті жұқтырған жоқ.
– Бұл күрделі вирус, оны қадағалау қиын болды, өзімді алатын болсам, мен денсаулығым мықты болуы керек деп өзімді икемдедім, өзіме осында команда бердім. Мен ауырсам, науқастарды кім емдейді?! Барлық сақтық шараларын мұқият орындадым, бұл өте маңызды. Қиын болды, бірақ мен өз отбасымды психологиялық тұрғыдан алдын-ала дайындадым. Вирус бізден бұрын басталған елдерде болған жайт бізде де орын алатыны белгілі болды. Қазақстанда және бүкіл әлемде басталған вакцинация COVID-ті жеңуге көмектеседі. Тарих бұған дейін де осындай эпидемияларды басынан өткерген, аусыл, полиомиелит, дифтерия ошақтарын еске түсіруге болады, тек вакцинация ғана оларды тоқтатуға көмектесті.
Атқарған қызметі үшін Бақыт Утагановқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» медалі және Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың атынан «Денсаулық ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды.