.«Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз» Чжэн Виктор Сянович

Сырқатты емдеудің түрлі әдістерінің ішінде физиотерапия да танымал

.«Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз» айдарының бүгінгі кейіпкері Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы физиотерапия бөлімшесінің жауапты дәрігері

Чжэн Виктор Сянович

Еңбек жолын 2009 жылы 13-емханада учаскелік терапевт ретінде бастаған. Бір жылдан кейін ине рефлексті терапия бойынша алғашқы маманданудан, 2011 жылы физиотерапия және оңалту бойынша мамандандырудан, ал 2017 жылы қолмен емдеу бойынша мамандандырудан өтті.

Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 2012 жылдың көктемінен бастап, яғни бөлімше құрылған сәттен бастап, жұмыс істейді.

– Менің әкем – инемен емдейтін дәрігер, анам дәрігер болғысы келген. Сондықтан мен өз мамандығымды саналы түрде таңдадым, – деп сөзін бастады Виктор Сянович, – Әдетте, науқасқа физиотерапия тағайындалса, қалпына келтіретін ем ретінде тағайындалады. Дұрыс таңдалған ем-шарадан кейін сіз нәтижені көресіз, пациенттер сезінетін жеңілдікті көресіз. Науқастың өмір сапасын жақсарту ем-шараның дұрыс таңдалғанына байланысты. Егер сіз таңдаған ем-шара еш дәрі-дәрмексіз, тек физикалық түрде, электр өрісі немесе магнит өрісі арқылы оң әсерін тигізсе, менің еңбегім зая кетпегені. Бұл мені қашанда дәрігер ретінде қуантатыны сөзсіз. Маған өз жұмысым ұнайды. Біз күрделі отадан кейінгі науқастармен жұмыс істейміз, кейде науқастарға уқалап сылау үшін жансақтау бөлімшесіне барамыз. Бұл өз кезегінде қалпына келтіруді тездететін сөзсіз.

– Күніне орта есеппен бізге 20-30 науқас жіберіледі. Токсикология бөлімшесінің науқастарын санамағанда, барлық дерлік науқастармен жұмыс істейміз. Бұл негізінен отадан кейінгі емделушілер, бұған барлық хирургиялық профиль кіреді – қарапайым соқыр ішекке жасалған отадан бастап, жамбас пен тізе буындарының ауыстырылуына дейінгі ота жасалған пациенттер, – дейді Виктор Чжен.

Физиотерапия бөлімшесінде дәрігерлер жүйке жүйесі, тірек-қимыл аппараты, тыныс алу жүйесі, ЛОР мүшелері, жүрек-қан тамырлары жүйесі, ас қорыту органдарының ауруларын емдейді.
Медициналық физиотерапиялық көмек бөлімшесінің негізгі міндеттері физикалық факторларды қолдана отырып, медициналық, оңалту және алдын-алу шараларын жүргізу және физиотерапия мен физиопрофилактиканың жаңа әдістерін тәжірибеге енгізу.