Жыл сайын ақпанның 15-інде Халықаралық оталық медбике күні атап өтіледі

Жыл сайын ақпанның 15-інде Халықаралық оталық медбике күні атап өтіледі

Оталық медбике пациентті, ота жасайтын бөлімді дайындайды, аспаптардың стерильдігі мен реанимацияға жауап береді. Ота кезінде оның кәсібилігі хирургтың шеберлігі сияқты маңызды. Медбике отаның барысын бақылап қана қоймайды, ол дәрігердің келесі әрекетін алдын-ала біліп, науқастың жағдайын сезінуі керек.

Бүгінгі күні Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 19 оталық медбике жұмыс істейді.

Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының оталық аға медбикесі Алмабаева Ғалия Жақсылыққызының медицинадағы жалпы еңбек өтілі 33 жыл.

– Оталық медбике ота кезінде ең жауапты адам, ол хирургтың оң қолы. Хирург онсыз жұмыс істей алмайды. Ең қиыны – жұмыс көлемі. Кейде бір ота 8 не одан да көп сағатқа созылуы мүмкін, бұл кезде отыруға немесе демалуға мүмкіндік болмайды. Оның үстіне медбике тек пациентті, хирургты ғана емес, сонымен қатар отаның барысын бақылайды. Бір күнде 35-ке дейін шұғыл және жоспарланған ота болуы мүмкін, біз әрдайым дайын болуымыз керек. Мен әріптестерімді бүгінгі мерекемен құттықтаймын, бар жақсылықты тілеймін!», – дейді Ғалия Жақсылыққызы.

Оталық медбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Зор денсаулық, мол бақыт тілейміз.

Еңбегіңіз үшін рахмет!