Аурухана палатасында отырғанша үйде отырған жақсы.
Алматы қаласындағы бірінші қауіпті аумақта жұмыс істейтін хирург, Шұғыл жедел жәрдем ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Бахтияр
Бекішевпен интервью.
Клиникасын провизорлық орталық ретінде ауыстырған кезде, ол басқа да медицина қызметкерлері секілді мәжбүрлі еңбек демалысында болған. Дегенмен, карантин басталған күннен бастап өзінің алтын шебер қолының адамдарды құтқаруға қажет екенін біліп «дабылды мезеттегі чемоданын» жинай бастады.
– Сізге жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс істеуді ұсынғандағы ой-пікіріңіз? Күмәндандыңыз ба? Бас тарту мүмкіндігі болды ма?
-Мен бір ай еңбек демалысында болдым, бірақ, үнемі жұмыстағы қызметкерлермен байланыста болып, оларға кеңес бердім, ал, Мені шақырып қалған жағдайға дайын отырдым. Үйде жұбайым екеуміз чемоданды бұрыннан дайындап қойғанбыз, ол да медицина қызметкері. Маған, шынымен де қоңырау соқты, бірақ, өз клиникама емес жұқпалы аурулар ауруханасына шақырды. Ол жерге хирург қажет екен. Қазір, менің ауруханам, сенің ауруханаң деген түсінік орынды емес деп ойлаймын, біз бәріміз бір командамыз. Шынына келсек, мен алдында шошып кеттім, сонда да келістім. Тез арада Шұғыл жедел жәрдем ауруханасындағы командам -хирург-дәрігер Мұрат Ахметов, мейірбикелер Нұрсұлу Айтбаева, Гүлмира Жолдасбекова, Гүлшат Мешитбаева, Ирина Стаценкомен байланысқа шықтым. Ешкім Маған жоқ деп айтпағаны көңілімді жұбатты, ондағы жұмыстың қауіпті екенін ескерсем де, дәрігер-ассистент, мейірбикелер менімен бірге жұмыс жасауға келісті. Жұмыс орнына біржарым сағаттың ішінде жеттік, аурухана басшылығымен кездесіп, барлық жерлерді қарап шықтық, біздің жұмысымызға қажетті заттарды анықтап білдік, негізінде, жұқпалы аурулар ауруханасында өзге қызметтер болғандықтан, бәрін басынан бастадық. Дайындыққа екі күніміз кетті.
– Дәрігердің дабыл мезетіндегі чемоданында не бар?
Бірінші қажеттіліктегі заттар және жақындарымның суреттерін салдым. Яғни, жылдам орын ауыстырып, басқа жерге қоныстанған кезде қажет болатын заттардың бәрі бар.-Қазіргі кездегі атқаратын міндетіңіз қандай? Қаншалықты қиын деп ойлайсыз? -Біз операция жүргізбейміз, біз әрі қарай емдеп, адам ағзасын таңып, тазартамыз, біз қазір универсалмыз, университетте үйреткен дағдыларымызды қайта еске ала отырыпбарлық салада жұмыс істеуге тура келеді, себебі, хирургиялық, жарақат алған, артериалды жоғары қан қысымымен, инсультпен, неврологиямен, урологиямен, түрлі патологиямен науқастар жатыр. Медициналық әдебиеттерді көптеп оқып, әріптестермен кеңесеміз. Бәрінен де Шұғыл жедел жәрдем ауруханасы инсульт бөлімшесінің меңгерушісі Ляззат Аяғанованың маған үлкен көмек көрсеткенін айта кеткім келеді, тіпті түнгі мерзімде ол қашықтықты онлайн-кеңес жүргізіп, ем тағайындап отырды. Сонымен қатар, досым, торакалды хирург Тимур Ешмұратов қатты қолдайды. Кеуде клеткасы ауруы патологиясымен жатқан науқастарды емдеуде көптеп кеңес береді. Бізбен бірге сондай-ақ, инфекционист- дәрігер жұмыс істейді, оның арқасында емдеу жұмысымыз айтарлықтай жеңілдейді. Біз сондай-ақ, басқа жұқпалы аурулар ауруханасында хирургиялық пациенттерді емдеу бойынша кеңес береміз. Қайталай айтсақ, қазір дәрігерлер бір команда, мына бір қауіпті індет әлемдегі медицина қызметкерлерін біріктірді.
-Сіз ең алдында шошып кеттім дедіңіз, кейін қалай үрейіңізді жеңдіңіз?
– Расын айтсам, алдында бойымды үрей биледі. Ең бірінші қорқыныш ол- шамам келмесе, қателессем ше, жаңа вирус және мен үшін медицинада бұрыннан істесем де обадан қорғайтын клстюмді киіп жұмыс жасауым алғаш рет еді. Екінші үрей- өзіме жұқтырып алу. Ең үлкен үрей ол- командамдағы біреуі аурып қалса ше, бұл адамдарды мен шақырдым, яғни, мен оларға жауаптымын, олар маған сеніп менің артымнан барды, сол себепті, олардың жанұясына қайтуына мен жауаптымын. Осындай күйде мен бірінші жұмыс күнімді өтеп шықтым. Мені қорқыныш үрейледі, тіпті ұйықтай алмадым, келесі күні жаңа ауысымға шыққан кезде командамның сағат секілді жұмыс істегенін көріп сабырыма түстім, бізден шыққан нәтиже жаман емес. Қазір қорықпаймын, қолымнан келгенді әдеттегідей жасап жүрмін.
-Пациенттердің жай-күйі қандай, қандай психологиялық күйде?
-Олар біздің тексеріп қарауымызды күтеді, бұл оларға маңызды, біз келген кезде жібергілері келмей, әңгімелесіп, өздері жайлы айтқысы келеді. Біз олармен сұхбаттасамыз, психолог болып кеттік деуге де болады, адам баласына тек дәрігерлік көмек ғана емес, адамгершілік көмегі де қажет. Бір қызбала пациентке жақындағанымызда, көңілі жабырқаңқы болып теріс қарап алды. Біз ептеп оны сөзге бұрып, келесі күні ол күлімдейтін болды, ол деген сауыққаны.
-Отбасыңызбен сөйлесуге уақыт табасыз ба?
-Барлық істі бітіргеннен соң, жұмыстың аяғында және барлық кеңестерден кейін түнде күнделікті онлайн түрде әйеліммен, ұлдарыммен сөйлесемін. Әйелім де дәрігер, педиатия институтында жұмыс істейді, ұлым медициналық университетте оқиды. Менің арманым- отбасыммен кездесіп, бәріміз бірге тауға жорыққа шығып демалы. Карантинге дейін тауға шығу біздің хоббиіміз болған, осының бәрі қайта оралса екен деймін.
– Қауіптіліктің бірінші тобындағы дәрігер ретінде қазақстандықтарға айтарыңыз?
-Мен де осының бәрін өз көзіммен көрмегенше күмәнданганмын. Бұл инфекция бар, және де ол жоғары түйдекте орналасқан, тез таралатын, асқынуға апаратын індет. Мен барлық туыстарыма қажеттілік туындамаса үйден шықпауын айтып отырамын, бұл талапты бәріне айтқым келеді. Үйде отыруларыңызды өтінемін, тойламаңыздар, қолдарыңызды жиі жуып бетперде тағыңыздар. Есіктің сыртынан шыға алмай, ешкіммен сөйлесе алмай аурухана палатасында жатқаннан гөрі оңтайлы тұрмыстық жағдайда өз шаңырағыңыздың төрт қабырғасында отырған дұрыс. Әлі уақытқа дейін күмәнданып жүрген адамдарға айтарым осы.