Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында салтанатты жиын өтті.
Жиынды аурухананың бас дәрігері Алмаз Джувашев құттықтау сөзбен ашты:
– Бүгін Көктем мерекесі қарсаңында әйел атаулыға тілегімізді жеткізіп, құрмет көрсетіп, сый-сияпатымызды жасау үшін бас қосып отырмыз.
Сіздерді 8 Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздер ақ халатты абзал жандар ретінде халықтың денсаулығының нығаюына үлкен үлес қосып келесіздер. Қазіргі уақытта әйел қауымының қоғамда, отбасында алар орны ерекше. Және әрдайым солай болып қалары сөзсіз.
Мерекелік шара барысында бас дәрігер Алмаз Джувашев нәзік жанды қызметкерлерге аурухана әкімшілігі атынан – 12, кәсіподақ атынан – 12 және Алмалы ауданы әкімінің атынан – 10 алғыс хат табыс етті.
Ал ҚЖШККА бас медбикесі Алуа Кошамбекова Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметековтың атынан алғыс хатпен марапатталды.
Әріптестерді құттықтау үшін медицина қызметкерлері шығармашылық ұжымдарға бірігіп, би билеп, ән шырқап көпшіліктің қошеметіне бөленді.
“Біздің ауруханада қаншама дарынды адам бар екенін көріп, қуанып отырмыз. Әріптестер әр жолы бізге жаңа қырынан ашылады. Медицина қызметкерлерінің арасында қаншама қызықты да дарынды тұлғалар бар екеніне таң қалудан жалықпаймыз”, – деп атап өтті құтықтау иелері.
Аурухана әкімшілігі атынан барша әйел қауымын көктемнің нәзік мерекесімен тағы бір құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт тілейміз!