«Аманат» партиясы Алмалы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е. Әлбисенов атынан Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының 13 медбикесі құттықтау грамоталарымен марапатталды.
«Бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Еңбегіңіз халыққа қуаныш сыйлап, өзіңізді нұрға бөлесін. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін. Кәсіби біліктілігіңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіз» – делінген құттықтау грамотасында.
Құтты болсын!