ҚЖШККА нейрохирургтары науқастың бел аймағындағы түзілімді алып тастады

ҚЖШККА нейрохирургтары науқастың бел аймағындағы түзілімді алып тастады
«Бір жылдан астам уақыт белім ауырды, – дейді 45 жастағы науқас. – Мен емделдім, бірақ маған көмектеспеді. Белім сонда да ауырды».
Шамамен үш ай бұрын ер адамның екі аяғында үдемелі әлсіздік пайда болды, көбінесе сол аяғында. Ал екі апта бұрын зәр шығару да бұзылған. Бұл науқасқа ауыр соғып, ол ҚЖШККА-на келіп, мұнда толық тексеруден өтіп, оның бел омыртқасына МРТ жасалған.
«Науқасқа интрадуральды экстрамедуллярлық түзілім диагнозы қойылды – бұл омыртқаның жұлынын жабатын ісік, ол жұлынның өзінен тыс, бел аймағы деңгейінде орналасқан. Ісік осы деңгейде жұлынды қысқан. Мұндай ісік жүйкеге зақым келтірмес бұрын ұзақ уақыт бойы дамуы мүмкін», – деп түсіндіреді ҚЖШККА нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Константин Ли.
Нейрохирургиялық оталық топ бел аймағындағы түзілімді микрохирургиялық жолмен алып тастауды жүзеге асырды. Отаны жасаған нейрохирург – Константин Ли, ассистенті – нейрохирург Әнуар Жанқабаев, реаниматолог – Ринат Қасенов.
Отадан кейін ер адамның белі мен аяғындағы ауырсыну мен жансыздану жойылды. Науқас өзін жақсы сезінеді, орнынан тұрып, жүреді. Қазіргі кезде ерте оңалту курсынан өтіп жатыр.
Емдеуші дәрігер Әнуар Жанқабаев бел аймағындағы жүйке ұштарын ұзақ қысу аяқтың сезімталдығының бұзылуына әкеліп соғатынын, кейін ол қалпына келмеуі мүмкін екенін және нәтижесінде аяқ-қолдың парезі күшейіп, мүгедектікке дейін әкелуі мүмкін деп баса айтады. Сондықтан мұндай жағдайда мамандарға неғұрлым тезірек жүгінген дұрыс.