Бүгін, ақпанның 11-і – дүниежүзілік науқас күні. Бұл күнді науқас адамдарға дертімен күресуге көмектесетін дәрігерлердің құрметіне арналған күн деп те атауға болады. Адам өз өмірінде кем дегенде бірнеше рет дәрігерге қаралып, арнайы терапиядан өтеді.
Бүгін ҚЖШККА негізгі клиникалық бөлімшелерінің бірі – терапия бөлімшесі туралы сөз етеміз. Бөлімшенің клиникалық тәжірибесінде жетекші орынды жүрек-қантамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі және асқазан-ішек жолдарының патологиялары алады. Терапия бөлімшесі егде жастағы науқастарға жоғары кәсіби көмек көрсетеді, олардың жағдайы қатар жүретін патологиялардың жоғары жиілігімен сипатталады.
Бөлімше Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар кафедрасының клиникалық базасы болып табылады. Кафедра қызметкерлері бөлімше дәрігерлеріне жан-жақты қолдау көрсетеді, жоспарлы және шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған науқастарға кеңес береді және оларға жетекшілік етеді, клиникалық талқылауларға, консультациялар мен консилиумдерге қатысады, бөлімшенің медицина қызметкерлеріне әдістемелік және ғылыми-практикалық жұмыстарды жүргізеді.
Пандемия басталғаннан бері бөлімше жұқпалы аурулар бөлімшесі ретінде де жұмыс істеген, бүгінде терапия бөлімшесі транзиттік бөлімше қызметін атқарады. Аурухананың қабылдау бөліміне түскен барлық науқастар Ковид-19 жұқтырмағаны анықталғанша осында, оқшаулау бөлімінде болады. ПТР сынамасының қорытындысын алғаннан кейін ғана теріс нәтиже көрсеткен науқастар сәйкес бөлімшелерге, ал оң нәтиже көрсеткендер жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауыстырылады.
40 төсек-орынға арналған транзиттік бөлімшеде таңертең басқа бөлімшелердегідей палаталардағы науқастарды қараудан, диагноздарды талқылаудан және кезекші топтың есеп беруінен басталады.
Бөлімше меңгерушісі – Мухамбетова Райхан Утеповна – жоғары санатты терапевт, денсаулық сақтау магистрі және денсаулық сақтау ісінің үздігі. Еңбек өтілі – 24 жыл.
Бөлімшеде 2 дәрігер, 4 кезекші дәрігер, 10 медбике және 12 кіші персонал, барлығы 28 қызметкер жұмыс істейді.
Бөлімше қызметкерлерімен келесі жазбаларда таныс болыңыз.