Бүгін Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында АИТВ-инфекциясының белгілері, клиникасы, емі, диагностикасы бойынша «Медициналық ұйымдардағы АИТВ-инфекциясы» тақырыбында семинар өтті.

Бүгін Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында АИТВ-инфекциясының белгілері, клиникасы, емі, диагностикасы бойынша «Медициналық ұйымдардағы АИТВ-инфекциясы» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда Алматы қаласы АИТВ алдын алу және оған қарсы күрес орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Заурбекова Альмира Абирбекқызы баяндама жасады.
Семинар барысында ҚР ДСМ және Алматы қаласы ҚДСБ «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша міндетті медициналық тексеру қағидаларына» сәйкес медициналық ұйымдарда АИТВ-ға тексеру жұмысын ұйымдастыру жөніндегі негізгі құжаттар аталды.
Сонымен қатар семинарда:
– инфекцияның таралу жолдары және одан қорғану шаралары;
– АИТВ инфекциясын емдеудің клиникалық ерекшеліктері;
– антиретровирустық терапия;
– қан алу алгоритмі;
– тестілеуге дейін және одан кейінгі психоәлеуметтік кеңес беру;
– АИТВ және қайталама аурулар;
– этика мен деонтология;
– медицина қызметкерлері үшін АИТВ-ның алдын алу маңыздылығы туралы айтылды.
Қатысушылар төтенше жағдай туындаған кезде және байланыстан кейін не істеу керек екені туралы толық нұсқаулар алды.
Сондай-ақ семинарда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол берілмеуі керек деп баса айтылды.
Медициналық мекемелерде АИТВ инфекциясының таралуын болдырмау үшін барлық жағдай жасалған. Ауруханалар бір рет қолданылатын медициналық құралдармен (шприцтер, қан құю жүйесі), дезинфекциялық құралдармен, қайта пайдаланылатын кез келген медициналық техниканы өңдеуге (залалсыздандыру, зарарсыздандыру) арналған толық жабдықтармен қамтамасыз етілген.