Бүгін Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында АИТВ-инфекциясының белгілері, клиникасы, емі, диагностикасы бойынша «Медициналық ұйымдардағы АИТВ-инфекциясы» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда Алматы қаласы АИТВ алдын алу және оған қарсы күрес орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Заурбекова Альмира Абирбекқызы баяндама жасады.

Сонымен қатар семинарда:
– инфекцияның таралу жолдары және одан қорғану шаралары;
– АИТВ инфекциясын емдеудің клиникалық ерекшеліктері;
– антиретровирустық терапия;
– қан алу алгоритмі;
– тестілеуге дейін және одан кейінгі психоәлеуметтік кеңес беру;
– АИТВ және қайталама аурулар;
– этика мен деонтология;
– медицина қызметкерлері үшін АИТВ-ның алдын алу маңыздылығы туралы айтылды.
Қатысушылар төтенше жағдай туындаған кезде және байланыстан кейін не істеу керек екені туралы толық нұсқаулар алды.
Сондай-ақ семинарда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол берілмеуі керек деп баса айтылды.
