Туған күн иесі

Туған күн иесі
Директордың ұйымдастырушылық әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Әлімбетов Бағдад Қуанышбекұлын төл мерекесімен құттықтаймыз.
Ұжымда Сізді жаныңыздың тазалығы мен көңіліңіздің адалдығы, қарапайым мінезіңіз және еңбектегі білгірлігіңіз, ұйымдастырушылық қабілетіңіз үшін үлгі тұтып сыйлайтынын білдіргіміз келеді. Ортаңызға сыйлы, еңбекте абыройлы қалпыңызда әлі де талай жылдар қатар қызмет етуді жазсын.
Еңбегіңіздің жемісі мен жеңісіне кенеліп, мақсат-мұратыңызға мүдірмей, армандарыңызға адаспай жетуіңізді тілейміз.
Көңіліңіз көктем гүліндей кіршіксіз, өміріңіз өлең жолдарындай мінсіз болсын!
Ізгі ниетпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы