Туған күн иесі

Туған күн иесі
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Утаганов Бакыт Кустаевичті туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Аурухана ұжымы Сізді білікті де білгір, тәжірибелі де озық, сыйлы да беделді басшы ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Осы қуанышты сәтте Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, баянды бақыт тілейміз.
Медицинаның білгірісіз – санаңыз ілгері болсын, еңбектің озатысыз – ойыңыз озық болсын.
Отбасыңыздан береке-бірлік, басыңыздан бақ-дәулет таймай, аңсаған армандарыңыздың асуына жете беруіңізге тілектеспіз!
Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз.
Ізгі ниетпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы

Туған күн иесі