Қаралы хабар

Қаралы хабар
2023 жылғы желтоқсанның 19-ында 57 жасқа толатын туған күніне қараған түні Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы ашылғалы бері осында жұмыс істеген терапия бөлімшесінің шаруабикесі Омарова Перизат Мұхаметкәрімқызы (20.12.1966) дүниеден өтті.
Терапия бөлімшесінің аға медбикесі Күлімқас Серікқалиқызының айтуынша, Перизат Мұхаметкәрімқызы терапия бөлімшесі екіге бөлінгелі, токсикологияда да, терапияда да бірдей қызмет атқарған, өз ісіне керемет тиянақты болған. Әрқашан өзінің жоғары жауапкершілігімен, әдептілігімен және орындаушылығымен ерекшеленген. Өткен жылы қатерлі ісіктен жолдасы қайтқан еді, бір жыл өте онкология салдарынан өзі де көз жұмды. Қанша ауырса да, ауруын білдірткен емес. Соңғы күніне дейін жұмыс істеген.
Перизат Мұхаметкәрімқызы жарық жалғаннан мәңгілік бақиға аттанды. Артында 2 отбасылы қызы, туыс-туғаны, достары мен әріптестері қалды.
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының әкімшілігі терапия бөлімшесінің шаруабикесі Омарова Перизат Мұхаметкәрімқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Перизат Мұхаметкәрімқызы – үлгілі ана, мейірімді жан, ақылшы дос болған. Жүрегі үлкен, жаны жайсаң әріптес еді.
Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннаттан болғай!