Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз

Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз
Камалова Гульнара Тохтамуратовна
Жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог
Халықаралық BLS, ACLS AHA нұсқаушысы
2017, 2019 жылдары Израильде (Тель-Авив) оқыды
Еңбек өтілі – 35 жыл
Анестезиолог-реаниматолог мамандығының қосарланған атауы дәрігердің бір уақытта анестезия жүргізіп, науқасты реанимациялай алатынына байланысты. Анестезиолог-реаниматолог пациентке отаға дейін, оның барысында және одан кейін еріп жүреді, оған отаны еш ауыртпалықсыз өтуге және қалпына келуге көмектеседі.
Анестезиолог-реаниматологтар – қашанда алдыңғы қатарда болатын адамдар. Бұл Covid-19-ға да қатысты. Оларға қайта оқудан өту керек болмады. Өзгергені – қарқынды терапия кезінде әрдайым үлкен болатын жүктеме одан сайын арта түсті. Және, әрине, арнайы костюм. Бірақ бұл қажеттілік.
Анестезиолог-реаниматолог төтенше жағдайларда жауапты шешім қабылдауға қабілетті болу үшін зор шыдамдылыққа ие болуы керек.
– Және, әрине, өз кәсібіне және адамдарға деген сүйіспеншілік, әр пациентке деген жанашырлық болу керек, – деп толықтырады Гульнара Тохтамуратовна.
– Менің күйеуім дәрігер, ол да анестезиолог-реаниматолог. Негізі медицинаға алгебра мен физиканы тапсырудың қажеті жоқ болғандықтан бардым, – деп күледі Гульнара Тохтамуратовна. – Санитар болып жұмыс істедім, сонда дәрігер болғым келетінін түсіндім. Иркутск мемлекеттік медицина институтына оқуға түстім. Одақ тараған кезде мен оқуымды аяқтау үшін туған жеріме Ташкентке оралдым.
– Мен ескі Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 2005 жылдан бері жұмыс істедім. Жаңасында, жөндеуден кейін ашылған күннен бастап істеймін. Сірке қышқылымен уланған алғашқы науқасты қабылдадым.
– Гульнара Тохтамуратовна, айтыңызшы, BLS, ACLS ANA деген не?
– Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес жедел көмек көрсету дағдылары, BLS негізгі реанимациялық терапиясы және жүрек-өкпе реанимациясының кеңейтілген курсы – ACLS ANA.
Гульнара Камалова – жоғары санатты дәрігер және халықаралық нұсқаушы ғана емес, сонымен қатар спортшы. Ол Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы волейбол командасында ойнайды. Аурухана командасы Алматы қаласы Алмалы ауданында өткен турнирде бірінші орынды иеленді.