Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз
Камалова Гульнара Тохтамуратовна
Жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог
Халықаралық BLS, ACLS AHA нұсқаушысы
2017, 2019 жылдары Израильде (Тель-Авив) оқыды
Еңбек өтілі – 35 жыл
Анестезиолог-реаниматолог мамандығының қосарланған атауы дәрігердің бір уақытта анестезия жүргізіп, науқасты реанимациялай алатынына байланысты. Анестезиолог-реаниматолог пациентке отаға дейін, оның барысында және одан кейін еріп жүреді, оған отаны еш ауыртпалықсыз өтуге және қалпына келуге көмектеседі.
Анестезиолог-реаниматологтар – қашанда алдыңғы қатарда болатын адамдар. Бұл Covid-19-ға да қатысты. Оларға қайта оқудан өту керек болмады. Өзгергені – қарқынды терапия кезінде әрдайым үлкен болатын жүктеме одан сайын арта түсті. Және, әрине, арнайы костюм. Бірақ бұл қажеттілік.
Анестезиолог-реаниматолог төтенше жағдайларда жауапты шешім қабылдауға қабілетті болу үшін зор шыдамдылыққа ие болуы керек.
– Және, әрине, өз кәсібіне және адамдарға деген сүйіспеншілік, әр пациентке деген жанашырлық болу керек, – деп толықтырады Гульнара Тохтамуратовна.
– Менің күйеуім дәрігер, ол да анестезиолог-реаниматолог. Негізі медицинаға алгебра мен физиканы тапсырудың қажеті жоқ болғандықтан бардым, – деп күледі Гульнара Тохтамуратовна. – Санитар болып жұмыс істедім, сонда дәрігер болғым келетінін түсіндім. Иркутск мемлекеттік медицина институтына оқуға түстім. Одақ тараған кезде мен оқуымды аяқтау үшін туған жеріме Ташкентке оралдым.
– Мен ескі Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 2005 жылдан бері жұмыс істедім. Жаңасында, жөндеуден кейін ашылған күннен бастап істеймін. Сірке қышқылымен уланған алғашқы науқасты қабылдадым.
– Гульнара Тохтамуратовна, айтыңызшы, BLS, ACLS ANA деген не?
– Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес жедел көмек көрсету дағдылары, BLS негізгі реанимациялық терапиясы және жүрек-өкпе реанимациясының кеңейтілген курсы – ACLS ANA.