Желдібаев Ермек Мұстафаұлы – Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі

Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз
Кез келген аурухананың тыныс тіршілігі қабылдау бөлімшесінен басталады. Қабылдау бөлімшесі пациенттің емдеу мекемесімен байланысының алғашқы кезеңі. Тексеру мен диагноздың уақтылы әрі дұрыс болуы қабылдау бөлімшесі жұмысының тиімді ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Мұндағы мамандардың пациентті қабылдау тәсілі емделушінің қалпына келуіне, жалпы көңіл-күйіне әсер ететіні сөзсіз.
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімшесіне орта есеппен жылына 60-70 мың адам жүгінеді, олардың 85%-ы – жедел жәрдем көрсетілімі бойынша келсе, барлық шұғыл науқастардың жартысына жуығы, дәлірек айтсақ, 40-45%-ы түрлі жарақаттармен түседі. Осылайша, Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімшесіне тәулігіне орта есеппен 150-200 адам жүгінеді екен.
Желдібаев Ермек Мұстафаұлы – Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі
Жалпы жұмыс өтілі – 13 жыл
Жоғары санатты хирург
Ангиохирург, пластикалық хирург сертификаттары бар
Тель-Авивте, Израиль, 2017 ж.
Башкент университетінде Анкара, Түркия 2018 ж. тағылымдамалардан өтті
2020 жылы Covid-19 пандемиясы кезіндегі зор еңбегі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы «Халық алғысы» медалімен марапатталған
Еңбек жолын №4 қалалық емханада хирург болып бастаған. 2011 жылдан бастап Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында жұмыс істейді, 2017 жылдан Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі
– Біздің бөлімше есіктері тәулік бойы ашық стратегиялық маңызы зор емдеу-диагностикалық бөлімі болып табылады, – дейді Ермек Мұстафаұлы.
Қабылдау бөлімшесінің құрылымы персонал іс-әрекетінің үйлесімділігімен, айқындылығымен, жылдамдығымен сипатталады. Осының бәріне ауруханада одан әрі емделудің сәтті өтуі ғана емес, тіпті ауруханаға ауыр жағдайда түскен науқастың өмірі де байланысты.
– Біздің тәулік бойы жұмыс істейтін бөлімше қашанда қажетті жедел көмек көрсетуге дайын. Жедел жәрдем бөліміне бір уақытта бірнеше ауыр науқас түседі. Есіме 2014 жылы наурыздың 19-ында болған оқиға түсті, колледжде граната жарылғаннан кейін, бірден 17 адам бізге жеткізілді. 2016 жылы шілденің 19-ында террористік акттен кейін, 9 адам оқ жарақатымен жеткізілді, ал 2019 жылы желтоқсанның 27-сінде ұшақ апатынан кейін, 14 адам бір уақытта жеткізілді. Мұндай жағдайларда триаж жүйесі бойынша сұрыптау науқастың жағдайының ауырлығына қарай жедел көмек көрсету үшін өте маңызды, – дейді қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі.
Триаж медициналық сұрыптау жүйесін аурухана қабылдау бөлімшесінің мейіргерлері дереу орындайды.
Бастапқы диагноз қою кезінде, науқас жағдайының ауырлығын анықтауда және науқасты ауруханаға жатқызу қажеттілігін шешу кезінде қабылдау бөлімшесі шешуші рөл атқаратыны сөзсіз.