1-інде дүниежүзілік иммунитет күні атап өтіледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 2002 жылдан бері наурыздың 1-інде дүниежүзілік иммунитет күні атап өтіледі.
Бұл күннің мақсаты – әр түрлі иммундық аурулардың таралуымен байланысты проблемаларға қоғамның назарын аудару және тұтастай алғанда иммунитетті сақтау мен нығайту.
Әрбір адам үшін денсаулығын сақтау және иммундық жүйені нығайту, әсіресе көктем қарсаңында өте маңызды. Себебі, бұл уақытта ағза ерекше қолдауды қажет етеді.
Иммундық жүйе, адамдағы барлық нәрсе сияқты, күрделі және көп қырлы. Иммунитеттің күші, жалпы денсаулығымыз сияқты, шамамен 50% біздің таңдаған өмір салтымызға тәуелді. Иммунитеттің негізгі бұзушылары – дұрыс тамақтанбау, ұйқының тұрақты болмауы, тым ауыр физикалық белсенділік және күйзеліс. Темекі шегу, алкоголь, есірткіні айтпаса да анық. Адамдардың тек 10% -ы барлық аурулардан қорғайтын күшті иммунитетті мақтан тұта алады. Тағы 10%-ында туа біткен иммунитет тапшылығы бар: олар өте жиі ауырады. Қалған 80%-ының иммундық жүйесінің беріктігі жағдайға және өмір салтына байланысты болады.
Төмендені қарапайым ережелерді ұстаныңыз:
• Күнделікті таза ауада серуендей;
• Дұрыс тамақтану;
• Жаман әдеттерге жол бермеу;
• Дұрыс ұйықтау! Демалыс күндері ұйқымды қандырам деп ойлау қателік. Бұл созылмалы шаршағыштыққа әкеп соғады;
• Артық салмақты жоғалтуға көмектесетін қарапайым дене жаттығулары ұйқыны күшейтеді;
• Күйзеліс/стресс – иммунитеттің негізгі жауларының бірі.
Деніңіз сау болсын! Имунитетіңізді күшейтіңіз!