ЖШККА дәрігерлері бауыр туралы барлығын біледі!

Еліміз тыныш ұйқыға батқан кезде, Алматы қаласының жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасындағы диагностикалық бөлімшенің мамандары біліктіліктерін арттырды. Бірнеше күн бойы Украина ультрадыбыстық диагностика мамандарының Қауымдастығы президентінің, эластрография институтының бас дәрігері Олег Динниктің авторлық курсын тыңдаған.

– Өркениеттің үлкен өзекті мәселесі бар – бұл бауырдың зақымдануы, және де оның деңгейі өсуде, алкогольден басқа дұрыс тамақтанбаған себепті тіршілігімізде белсенді қоршаған химия да зиянды әсер береді – деді Олег Борисович. Тұрмыстық улар, дәрілер, өнеркәсіп, агрохимия, осының бәрі бауырға зақымын келтіреді. Кейде оның қызмет етуін қатарлас үдерістер – вирустар, тамақ, әсіресе, көмірсумен қаныққан.тағамдар. Өркениеттің популяциясының 30%-ына дейін бауыр ауруымен аурады, яғни, әр үшінші адам.

– Не істеу керек? Бауырымызға қандай көмек көрсетсе?

– Ғылым әлемі де бір орында тұрмайды, диагностикалық жабдықтарды өндірушілер зақымдалған бауыр мәселесін шешуге көзделген инновациялық технологияны ойлап шығарған. Бұл пайдаланым дифференциалды түрде, терең, ерте сатысында емдеуге септігін тигізеді. Бауыр бірден ауырмайды, адамдар цирроз болған кезде ғана дәрігерге барады, ал, ол қалпына келмейтін емдеу үдерісі. Біз, сіздің дәрігерлеріңізге ультрадыбыстық диагностикадағы бастаушы технология – эластографиямен таныстырдық. Бұл біздің әдетте көретін экрандағы ақ-қара бейне емес, қан айналымының суреті емес, бауырдағы фиброзды анықтау. Басқа сөзбен айтқанда, тексерілетін тінге бергіштің көмегімен қосымша қысым жасалып эхо жиілігінің өзгеруі анықталады. Тіннің бөлшектері түрлі болып жиырылады және де бұл экранда түрлі түсті болып көрінеді. Тіннің аса қатты құрылымдары экранда көк түспен көрінеді, аса серпімдісі – жасыл, қызыл түспен бейнеленеді. Мұндай нақты тексеріс бауыры зақымдалғандардың барлығына қолдануға болады. Біздің шебер сынып сондай-ақ, порталды гипертензияны зерделеуге орайластырылған, аурушаңдықтың бұл сатысы өлімге әкеп соғады. Жедел көмек көрсету ауруханаларына жиі осындай аурумен шұғыл науқастар келіп түседі. Клиникадағы дәрігерлерге дұрыс диагностика қойып адамдарды құтқару – ең маңызды міндет. Осы курстан соң біздің дәрігерлеріміз аталмыш саланы терең меңгеріп, әріптестерінің арасында білімі, біліктілігі бойынша бір саты жоғары тұратын болады, клиницисттердің білімін арттыруға үлестерін қосады.

– Әңгімемізді позитивті сарында аяқтау үшін, бауыр ауруы бойынша үздік маман ретінде оның алдын алу туралы айта кетсеңіз?

– Бауырдың ең басты жауы – бұл ішімдік, содан соң газдалған сусындар, оның құрамында бүкіл адам ағзасын құратын көмір қышқылы бар, сол себепті, газдалған ішімдіктер – сыра, шампанское. Ал, үшінші қауіптілік көмірсуы құрамында бар тағамды көп жеу, бауырда май болмауы тиіс, ал, қазіргі заман тұрғындары денсаулығының алдында осылайша күнәға батуда.

Ең көп ішімдік көп ішетін және көп тамақтанатын жыл қарсаңындағы өте маңызды кеңес осы!