Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында 25.05.2017 жылы Алматы қаласында «Қайрат» футбол клубының алаңында «Қалалық жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасының» футбол құрамасы мен «Алатау» жұлдыздар футбол құрамасының арасында жолдастық кездесу өтті.

Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында 25.05.2017 жылы Алматы қаласында «Қайрат» футбол клубының алаңында «Қалалық жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасының» футбол құрамасы мен «Алатау» жұлдыздар футбол құрамасының арасында жолдастық кездесу өтті. Мұқасан Шахзадаев, Ғаділбек Жаңай, Нұржан Керменбаев, Ринго тобының мүшесі Адылжан Умаров, Заман тобының мүшесі Асет Карабалин, «Бакарди» тобының әншісі Евгений Гартунг, әйгілі актер Усипхан Сейтимбет сынды жұлдыздардан құралған «Алатау» құрамасына қарсы ойында медиктер барын салып, тартысты ойын көрсетті. Екі құраманың да жанкүйерлерінің қолдауында шек болмады. Қызықты да тартысты өткен бұл ойын тең нәтижемен аяқталды. Ойын соңында болған жұлдыздармен әңгіме барысында, дәрігерлер жұлдыздарды еліміздің медицина саласындағы соңғы жаңалықтармен хабардар ете отырып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қолдауға шықырды. Дәрігерлер күні қарсаңында өткен бұл іс-шараның бірнеше мақсаттары – салауатты өмір салтын қолдау, дәрігерлердің денсаулығын нығайту және жұмысқа қабілеттілігін арттыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды популяризациялау және жай ғана жұлдыздармен қарым-қатынасты нығайту болатын.