Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінде keyhole-хирургия – «кілт саңылауы» хирургиясы – шағын кірулер арқылы хирургиялық оталар жасалады. Keyhole тұжырымдамасының ең маңызды тезисі – ми тінінің жарақаттануын азайту.
Ауруханамызда микроинструменттер, микроскоп, краниотома қолданып, бас сүйек қуысына кіші инвазивті микрохирургиялық оталарды жасауға мүмкіндік бар.
Кіші инвазивті нейрохирургия тұжырымдамасы қазіргі заманғы медицинада ерекше өзектілікке ие, өйткені шағын кірумен жасалған отадан кейін пациенттер тез қалпына келіп, олардың ауруханада жату уақыты қысқарады. Сонымен қатар, бұл техника бағытталған хирургиялық бағдар және жақсы косметикалық әсерді қамтамасыз етеді.
Осылайша, нейрохирургия бөлімшесінде келесі ота сәтті іске асырылды.
Науқас М., 67 жаста, ұзақ уақыт бойы абсанс ұстамаларымен (кіші эпилепсиялық ұстамалар) ауырған. Оған сол жақ маңдай бөлігіндегі қан тамырларының қатерсіз ісігі (кавернозды ангиома) диагнозы қойылды.
Key-hole әдісі арқылы cол жақ маңдай бөлігінің кавернозды ангиомасын микрохирургиялық алып тастау отасы жүзеге асырылды.
Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Константин Юрьевич Ли атап өткендей, бұл әдіс бірқатар артықшылықтарға ие. Бұл әдіс заманауи микроинструменттер, нейробейнелеудің жоғары ақпараттық мазмұнын, нейроэндоскопияны және заманауи анестезиялы протоколдарды қолдануға, тиімділігі мен қауіпсіздігі жағынан кішігірім кесінділер мен шағын кірулер арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.