БАЙСАЛДЫЛЫҚ ТЕК БАЙСАЛДЫЛЫҚ

Осы бір бүкіл әлемге дабыл қағар күндері барлық жауаптылық дәрігерлерге жүктелген. Тап қазір адам баласы дүрлікпеу үшін, солардың білікті пайымдауларын, кеңестерін, ұсыныстары мен бақылауларын тыңдайды. Короновирусты қалай жұқтырмау керектігі жайлы кеңестерді фотодан қараңыз. Ал біз барлықтарын жаман ойдан арылтып, дәрігерлердің және түгел медицина саласының кәсіптері туралы қызықты фактілер туралы айтқымыз келеді.
1. Медицина қызметкері үшін ең басты талап науқасқа деген ізгілік қарым- қатынас білдіруі және өзінің ісіне деген жауапкершіліктің жоғары деңгейде болуы. Дәрігердің адалдық, парасаттылық, жауапкершілік, зияткерлік, адамгершілік, жомарттылық, сенімділік, ұстанымдылық, адал ниеттілік, сөзінде тұру, сыпайылық таныту, қоршаған ортаға сыйлы болу, эмпатия, өзіне сенімді болу, ұстамдылық, тәуекелге бел бұру, қайсарлық, тәуелсізділік, сабырлық, салмақтылық, шешім жасай білу, бастамашылдық, өзінділік, талпыныс секілді қабілеттері болуы тиіс.
2. Дүниежүзілік дәрігерлер күні 30 наурызда мерекелейді.
3. Шамамен дәрігерлердің 70%-ы үстеме жұмыс жасайды. Ал біздің елде толығымен 100% мөлшерде.
4. Дәрігерлердің кінәсімен жылына 6000 рет пациенттерінің ағзаларының ішінде губкалар мен медициналық құрал-саймандар қалып жатады.
5. Ең алғаш операцияны ежелгі мысыр елі жасаған.
6. 1860 жылы дәрігерлер ақ халат кимеген, Ағылшын елінің гигиенист-дәрігері Д.Листер антисептиктің салауатты теориясын зерттеп дайындағаннан соң, хирургиялық халаттар мен бетперделер шығарыла бастады, ал хирургиялық театрлар операция жүргізуге арналған залдарға айналды.
7. Дункан Макдугал атты дәрігер бір күндері адам рухының бар екенін растады.
8. “Дәрігердің қолтаңбасы” түсінігі халықаралық түсінік. Үнді еліндегі заң, олардың жазуын дұрыс түсініп оқымағанның салдарынан болатын өлімді болдырмау үшін дәрігерлерін дәріқағазды үлкен әріппен жазуларына міндеттейді.
9. H.pylori бактерияларының асқазан жарасына әкелуін дәлелдеу үшін, Барри Дж. Маршалл H.pylori бактериясын ішіп асқазан жарасы ауруына ие болған және оны антибиотиктармен ойдағыдай емдегеннен соң 2005 жылы Нобелев сыйлығы атағын алған.
10. Бауырды ең алғашқы ауыстырып қондыру Томас Старзлмен 1967 жылы жүргізілген.
11. Таяуда робот әлемде бірінші рет дәрігердің көмегінсіз жұмсақ тіндер операциясын жүргізді. Дегенмен, бірде бір робот адам секілді күтім қамқорлық жасай алмайды.
12. 7000 -нан астам американдықтар жыл сайын дәрігердің түсініксіз жазуы үшін қайтыс болады.
13. Галилео Галилей термометр ойлап шығарды.
14. Ежелгі әйгілі медициналық оқулық болып Үнді елінде санскритпен жазылған Сушрута болып табылады.
15. 1976 жылы Лос-Анджелес дәрігерлері көтеріліске шыққан, ал өлім деңгейі 18%-ға азайған. Барлықтарыңызға денсаулық пен байсалдылық!