Ең бастысы адамдарды құтқару!

Көптеген еркектер осы бір мереке қарсаңындағы қарбалас сәтте қатты уаымдайды, сүйіктілеріне жақпай қаламызба деп үрейленеді. Бекер, әйел затының көбісі 8 Наурызды шындап күтпейді, күнтізбенің мерзімі бойынша емес, жай ғана шын көңілмен ықылас танытқанды ұнатады. Шұғыл жедел жәрдем ауруханасының токсиколог- дәрігері осындай.
– Мен бұл мерекеге жай ғана көңілмен қараймын, бәрінен қатты Жаңа жыл мен мамырдағы демалыс күндерді жақсы көремін. Сондықтан да, бұл күні де жұмыс істей аламын. Токсикологияда Фатима Ахметова 25 жылдан аса уақыт жұмыс істейді. Ол адамдардың көбінесе алкоголь ішімдігінен, тұншықтырғыш газдан, дәрілер мен зиянды заттардан уланатынын, суицид жасайтындарын айтты. – Біздің пациенттер ауыр халде түседі, кейде оларды құтқару үшін санаулы минуттың бары ғана. Жиі ес-түссіз күйде келіп түседі. Егер де суицид жасаумен жатқызылса, кейбір жағдайда тіпті спихолог та болып кетеміз. Ауруханадан шыққан кезде олар емдеген дәрігерін де есіне алмайды, тезірек осы жерден кеткендеріне асығады. Міне, сол себепті Бізге сыйлықтар мен гүлдерді өте сирек сыйлайды. Дегенмен, Біз өз ісімізді жақсы көреміз, себебі, біз адамдарды ажалдан құтқарамыз!