ЖШККА-ДА ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫНДАР ЕҢ СҰЛУ

Біз Сіздерге ең әсем де әдемі мейірбикелердің клиникамызда жұмыс істейтіні туралы хабарладық па? Онда біліп қойыңыздар. Соның бірі, хирургия бөлімшесінен – Гүлжан Өтеуова. 9 жыл бұрын Семейде медициналық колледжді тәмамдап, Алматыны өзіне баурауға келген.
– Менің анам мейірбике болып жұмыс жасаған, мен де сол сияқты болғым келді- дейді Гүлжан. Мен әдейі ең қиын ауруханаға бардым, тқиында күрделі міндеттерді орындау үшін тіпті реанимациядан бастағым келді, бірақ мені хирургияға жіберді. 9 жылдан соң Мен мұнда үлкен іс-тәжірибелі болдым. Қазір Гүлжан бакалавриатты аяқтауда, келешекте бас мейірбике немесе ментор болуды жоспарлауда. Бірнеше рет ШЖККА мейірбикелері сайысында жеңді, сайыста тек кәсіби дағдылар жағынан ғана емес шығармашылық жағынан да бағалайды, сондықтан да өте жауапты әрі қиын сайыс. Гүлжан тек биік мансапқа жетуді ғана емес, Парижді көруді және мақтан тұтар күйеуінің болғанын армандайтынын құпия ретінде айтып берді. — Ал, пациенттер арасында арыстай мақтан тұтар жігіттер кездеспеді ме? — Байқамадым, бұл жерде ең басты жұмыс қой — деп күлді мейірбике.