ҚАЛА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚАЛА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы бүгінгі мерекемен құттықтауларға қосылады!
Дәстүр бойынша мереке қыркүйек айының үшінші жексенбісінде, әлі жылы болған кезде тойланады. Биыл пандемияға байланысты мереке онлайн түрде атап өтіліп жатыр.
• 18-21 қыркүйек аралығында Алматы әуендері (almaty_ayenderi) әлеуметтік желісінде қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен «Күзгі әуен» және «Ару қала – Алматы» онлайн -концерттері өтеді.
• Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әлеуметтік желі беттерінде қаланың шығармашылық интеллигенциясының қатысуымен тақырыптық әдеби кештер, көрмелер, поэзия кештері, онлайн-экскурсиялар, әр түрлі тақырып бойынша онлайн-квесттер, викториналарға қатыса аласыз.
• Алматы қаласының Мемлекеттік мұрағаты (ga.almaty) бетінен сіз «Алматы – тарих толқынында» онлайн-көрмесін тамашалай аласыз.
• Алматы хайуанаттар бағының (almatyzoo) әлеуметтік желісінде «Хайуанаттар бағына деген сүйіспеншілікпен» атты отбасылық фотосуреттер көрмесі, «Тарих беттері бойынша» фотосуреттер көрмесі өтеді.
20 қыркүйек
• «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты жас қазақстандық фотографтардың фотокөрмесі өтеді.
• 20, 21, 26 қыркүйекте Алматы қаласы Мұражай қауымдастығының әлеуметтік желісінде (Дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы – multimedia_center, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы – ykhlas_museum) Н.Жанпейісов, С.Жанпейісов «Кәусар» жетігенші ансамблі, Т.Жүргенов Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Ж.Елебеков атындағы РЭЦК студенттерінің қатысуымен «Алматы менің жүрегімде» онлайн-концерті өтеді.
24-26 қыркүйек
• С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражай кешенінің әлеуметтік желі беттерінде (muzey_s.g.m), Қазақстан жазушылар одағымен бірлесіп ұйымдастырылған «Қала және қаламгер» онлайн форматында жылжымалы фотокөрме өтеді.
• Сіз «Ертегілер елінде» онлайн-көрмесін, «Жыр мекені – Алматы» танымал адамдардың өлең оқығанын онлайн көре аласыз.
• 26 қыркүйекте Алматы мұражайының (almatymuseums) әлеуметтік желілерінің беттерінде Алматы қаласының студенттері мен жастарының арасында «Мен Алматы қаласының тарихын білемін» онлайн байқауының қорытындысы шығарылады.